Ақсу ферроқорытпа зауытында күйіп қалған машинист қыз комаға түсті

Төтенше жағдай 24 мамыр күні болған. Жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалды.

ғламтордан

Алматы, NEGE. Ақсу ферроқорытпа зауытынан хабарланғандай, жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, бірі медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылды.

Белгілі болғандай, зардап шеккен 25 жасар қыз Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жатқызылған.

«Өндірістік жарақат салдарынан пациенттің денесінің 80-85 пайызын термиялық күйік шалған. Басы, бет әлпеті, мойны, кеудесі, қол-аяқтары күйіп қалған, күйік шогының үшінші-төртінші дәрежесі тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, комада жатыр, өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылған», – деп хабарлады №1 Павлодар қалалық ауруханасынан.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді