АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

АҚШ билігі грин-карта, яғни елде тұрақты тұру құқығын беретін ықтиярхат беру ережелерін қатаңдатты. Енді шетелдіктер грин-картаға өтінішті АҚШ-тан тыс жерде ғана бере алады.

mircare.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде АҚШ-тың азаматтық және иммиграциялық қызметі мәлімдеді.

«Енді АҚШ-та уақытша жүрген және грин-карта алғысы келетін шетелдік азаматтар ерекше жағдайларды ескермегенде, өтініш беру үшін өз еліне қайтуы тиіс. Бұл саясат біздің иммиграциялық жүйеміздің заңда көзделген тәртіппен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді және заңдағы түрлі олқылықтарды пайдалануға жол бермейді», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Зак Калер.

Өзгерістерге сәйкес, АҚШ-қа қысқа мерзімге және белгілі бір мақсатпен барған шетелдіктер, мәселен, студенттер, уақытша жұмысшылар немесе туристік визамен жүрген адамдар визада көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге тиіс.

«Олардың сапары грин-карта алуға апаратын алғашқы қадам болмауы керек», – дейді ұйымның баспасөз хатшысы.

Жаңа ереже, оның айтуынша, грин-карта беруден бас тартылғаннан кейін шетел азаматтары АҚШ-та заңсыз қалып қоюының, сондай-ақ көші-қон қызметінің оларды іздеп тауып, депортациялауына тура келетін жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп грин-карта беру бағдарламасын уақытша тоқтатқан еді. Бұған елдегі екі университетте болған атыс себеп болды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді