USD
USD
USD

Университеттегі атыс: АҚШ уақытша грин-карта бермейді

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі екі университетте болған атыстан кейін грин-карта лотереясы бағдарламасын уақытша тоқтатты. Бұл туралы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Х желісінде жазды.

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. 13 желтоқсанда Браун университетінде қарулы шабуыл жасалып, салдарынан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алды. Бұл қылмысқа 48 жастағы Португалия азаматы Невес Валент күдікті болып отыр. Ол АҚШ аумағына грин-карта арқылы кірген.

Сондай-ақ ол Массачусетс технологиялық институтындағы атысқа да қатысы бар деген күдікке ілінді.

Президенттің тапсырмасымен АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Азаматтық және иммиграциялық қызметке грин-карта бағдарламасын уақытша тоқтату жөнінде бұйрық берді.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер