Ақмола облысында жасөспірім қыз жоғалып кетті
13 жасар Аяшева Элеонора Рафаиловна көпсалалы облыстық балалар ауруханасында болған.
Алматы, NEGE. Медбикенің айтуынша, сағат 18:50 шамасында кәмелетке толмаған науқасөз еркімен кетіп қалған. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Болжам бойынша, қыздың үстінде капюшоны бар қара күртеше болған.
Бойы 160 см, тығыз денелі, шашы сары, иығына дейін. Қазір полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Туыстары мен таныстары анықталды.
Полиция қызметкерлері жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат табылса, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1а мекенжайы немесе төмендегі телефон нөмірлері бойынша ПБ-на хабарлауды сұрайды: 8-(7162)-25-78-05, 8-707-119-87-19 немесе 102 арнайы желісіне.