Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды

ҰҚҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі затының кезекті партиясын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталды

polisia.kz

Алматы, NEGE.  Тексеріс барысында жүйкеге әсер ететін 7 кг-ға жуық «мефедрон», 100 литрден астам прекурсор, синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар табылған.

Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.