2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Ақмола облысында ер адам жүк тиегіш көліктің астына түсіп, көз жұмды

Қайғылы оқиға Державин қаласынан екі шақырым жердегі қара жолда болған.

pixabay

Алматы, NEGE. Облыстық полицияның мәлімдеуінше, салонда бір ғана адамға арналған орын болған. Алайда көлікте жүргізушімен бірге жолаушы да болған.

"Жүк тиегіш көлікте жүргізушімен бірге жолаушы да отырған. Жолда ол тепе-теңдігін жоғалтып, трактордың астына құлап кеткен. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.