Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды
Air Astana әуе компаниясының өкілдері Дубайға рейстер 21 шілдеден бастап қайта тоқтатылатынын хабарлады.
Астана, NEGE. Компанияның мұндай шешім қабылдауына Ормуз бұғазындағы және аймақтағы жағдайдың нашарлауына себеп болған.
«Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады. 21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұл ретте жолаушыларға билеттер құнын толық қайтару ұсынылған. Сондай-ақ жолаушылар билетін кейінгі күндерге немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондай алады.
Еске салсақ, Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы мен Астанадан Дубайға және кері бағытта қатынайтын тұрақты рейстерін қалпына келтіретінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан жағдайда ұшу кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін екені ескертілген еді.