USD
USD
USD

Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта жандандырмақ

Air Astana әуе компаниясы 15 шілдеден бастап Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Дубай рейстері
Фото: pexels.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылайды және ұшу кестесін өзгертуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға қатынайтын рейстерін бірнеше рет уақытша тоқтатқан болатын.

12 шілде күні Астанадан таңғы уақытта ұшып шыққан KC205 Астана – Дубай рейсі кері бұрылып, Астана әуежайына қайтып келді. Сол күнге жоспарланған Алматы – Дубай рейсі де ұшқан жоқ. 

Сондай-ақ 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, КС 205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер