Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионатының финалына өтті

Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Әбікеева Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінде ақтық сынға жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.

Аида Әбікеева бұл кезеңде Мэрри Уолшпен (Ирландия) кездесті.

Алғашқы раунд ирландиялық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен жерлесіміз екінші және үшінші үшминуттықта тізгінді қолына алып, жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) әлем чемпионатының алдын медалі үшін бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?