Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта Лука Хаморимен (Венгрия) жұдырықтасты.

Венгриялық спортшы бірінші раундта басым түсті. Бірақ Аида Әбікеева қалған екі раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?