Қостанайда ауа-райы бұзылады

Қақаған қыс қай өңірге болмасын оңай соқпай тұр.

Алматы, NEGE. Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

4 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.