Алматы маңында ұшақ құлады
Бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айрылып қалған.
Алматы, NEGE. Апат болған жерде дереу құтқару жұмыстары басталды. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Соңғы мәліметтер бойынша қаза болғандардың саны 10-ға жеткен. ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды.
Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.