8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Парламент

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.

Еске салсақ, бұған дейінгі қос палатаның бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң жобасы қабылданған еді.

Құжатқа сәйкес, Алатау жеке қаржылық моделі, арнайы басқару режимі және сапалық тұрғыдан жаңа деңгейдегі институционалдық базасы бар дербес экожүйе ретінде қарастырылады

Қазір оқып жатыр

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді