4,4 мың адамға жәрдемақыны заңсыз тағайындау схемасы әшкереленді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүргізген тексеру нәтижесінде 13 өңірде 38 қылмыстық іс қозғалды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Мәліметтер базасына жүргізілген талдау барысында 258 кәсіпкерлік субъектісінің 4,4 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу мақсатында жалған еңбек қатынастарын рәсімдегенін анықталды», – делінген хабарламада.

Соның ішінде 9 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған. Соттар заңсыз схемаларды ұйымдастырған 12 тұлғаны кінәлі деп таныған. Ведомство мәліметінше, олардың арасында Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, ШҚО және өзге де өңірлердің тұрғындары бар. Заңсыз әрекеттері үшін оларға 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ел тұрғындарын сақ болуға және күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеуге кеңес береді. Сондай-ақ төлемдерді заңсыз арттыру мақсатында «кеңесшілерге» жеке деректерді бергені үшін тек ұйымдастырушылар ғана емес, қызметті алушылардың да жауапқа тартылатынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»