17 мая 2025 г. 18:43

300 метр биіктіктегі трагедия: Финляндияда Таллиннен шыққан тікұшақтар құлады

Фото: armiya.az

Финляндияның Сатакунта өңірінде екі тікұшақ соқтығысып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Yleтелеарнасы.

АЛМАТЫ, NEGE. Құтқарушылар мен медицина қызметкерлері апат орнында жұмыс істеуде, алайда БАҚ өкілдерінің жақындауына шектеу қойылған.Болжам бойынша, екі тікұшақ та Таллиннен ұшып шыққан.

Helsingin Sanomat-тың мәліметінше:

  • Бір тікұшақ Австрияда тіркелген (Robinson R-44 Raven үлгісі);

  • Екінші тікұшақ Эстонияда тіркелген, бірақ оның нақты үлгісі жария етілмеген.

Айта кету керек, Таллинн әуежайы бұл тікұшақтардың олардың аумағынан ұшпағанын растады.

Финляндияның әуе диспетчерлік қызметінің мәліметі бойынша, екі тікұшақ Таллиннен бір бағытта, шамамен 300 метр биіктікте қатар ұшқан. Бұл дерек олардың қону кезінде соқтығысқаны туралы нұсқаны жоққа шығарады.

Финляндия Қорғаныс күштері бұл апаттың әскери техникаларға еш қатысы жоқ екенін ресми мәлімдеді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.