30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 30 маусым, сейсенбіге белгіленді.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қос Палатаның бірлескен отырысына қатысатынын мәлімдеген болатын. Жиында Мемлекет басшысы «тарихи кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылап, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсат-міндеттерге тоқталмақ». 

Айта кетейік, 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енеді. Осы сәттен бастап қазіргі Парламенттің өкілеттігі тоқтайды.