26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.
Еске салсақ, 20 мамырдағы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Президент, Құрылтай және Халық кеңесі туралы конституциялық заңдарды қабылдаған еді.