25 қаңтардан бастап пойыздарда интернет қосылады

Ертеңнен бастап заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда интернет қосылатын болды. Бұл қызмет әзірге №3/4 «Астана-Алматы» пойызында қолжетімді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Полиция

Алматы, NEGE. Пилоттық жоба шеңберінде енді жолаушыларға WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және видео көруге мүмкіндік береді.

Алайда файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылады.

Сондай-ақ, билетті жылдам тексеруге арналған жолсеріктердің мобильді құрылғысы, вагондағы жағдайды бақылау үшін бейнебақылау жүйесі сынды бірқатар заманауи технологияны сынақтан өткізу көзделіп отыр. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр