2026 жылдың соңына дейін су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасы құрылады

Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында берген тапсырмалары аясында су шаруашылығы саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

gov.kz

Астана, NEGE. Атап айтқанда:

– Су ресурстары министрлігі 2026 жылдың соңына дейін ұлттық су балансын қалыптастыруға және реттеуге мүмкіндік беретін су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құру жұмысын аяқтау.

– Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында заманауи технологиялар трансфертін жолға қою.

– Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралармен және суды есепке алу жүйелерін орнатумен шектелмей, судың «қара нарығын» жою жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды.

– Барлық мүдделі мемлекеттік органдар халық арасында суды үнемдеу мәдениетін енгізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет.

– Су ресурстары министрлігі осы жылдың соңына дейін Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алып, оны тез арада іске асыруға кіріссін.

– Экология министрлігі Каспий маңы елдерінің серіктес ғылыми ұйымдарымен бірлесіп, Каспий теңізіНің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеуге кіріссін.

– Көршілерімізбен өзара іс-қимылды жандандырып, бұл жұмысты сапалы жүргізу керек.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды