2024 жылы Қазақстанға 15 млн-нан астам шетелдік туристік турист келді

2024 жылы Қазақстанға 15 млн-нан астам шетелдік турист келді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Сонымен қатар ішкі туризм де айтарлықтай өсті: 10 млн-нан астам қазақстандық ел бойынша белсенді саяхаттады.

Ведомство басшысы соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналғанын атап өтті. Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді.

«Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр