20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.
Жиында Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы конституциялық заң жобасы қаралуы мүмкін екені айтылды.