1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Алматы, NEGE. Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында фронтальді бөліктердің өтуімен байланысты, тұрақсыз ауа-райы болады, кей жерлерде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын бақыланады, жел күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде – тұман бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Алакөл көліның аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты