15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға белсене қатысқан жастармен кездесу барысында айтты.

Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен тілдесуінде 15 наурыз тарихи күнге айналғанын атап өтті.

«Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді ол.

Президент жазда Парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді.

«Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдауға байланысты референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының алдын-ала мәліметі бойынша, референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берген, бұл тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызына тең.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Оскар–2026: марапат иегерлері анықталды