USD
USD
USD

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 қазақстандық бюллетень алған, бұл тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызына тең.

Референдум
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Орталық референдум комиссиясы Қазақстандағы барлық референдум учаскесінде дауыс беру аяқталып, дауыстарды санау басталғанын хабарлады.

Аумақтық комиссиялар Орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі мынандай:

  • Абай облысы – 75,45 %;
  • Ақмола облысы – 79,82 %;
  • Ақтөбе облысы – 87,05 %;
  • Алматы облысы – 71,46 %;
  • Атырау облысы – 74,04 %;
  • Батыс Қазақстан облысы – 68,94 %;
  • Жамбыл облысы – 85,06 %;
  • Жетісу облысы – 78,49 %;
  • Қарағанды облысы – 84,30 %;
  • Қостанай облысы – 81,21 %;
  • Қызылорда облысы – 93,04 %;
  • Маңғыстау облысы – 77,89 %;
  • Павлодар облысы – 75,51 %;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 70,52 %;
  • Түркістан облысы – 84,03 %;
  • Ұлытау облысы – 73 15 %;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 86,42 %;
  • Астана қаласы – 60,36 %;
  • Алматы қаласы – 33,43 %;
  • Шымкент қаласы – 75,82 %.
Референдум
t.me/Janakonstituciya

Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауға тиiс.

Қазір оқып жатыр

Астанада апалы-сіңлілі күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский

Каратэші Әсел Қанай ХХ Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Әсел Қанай