15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.

Айта кетейік, 8 мамырда өткен қос палатаның бірлескен отырысында Парламент депутаттары Президент және Құрылтай туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды