12 жастағы өгей қызын зорлады деп айыпталған Кулагин 20 жылға сотталды

Қарағандыда 12 жастағы өгей қызына зорлық көрсетті деген айыппен Евгений Кулагин есімді азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алайда оның әйелі мен қорғаушылары бұл айыптаулардың негізсіз екенін айтып, сот шешіміне шағым түсірді, деп хабарлайды «Патриот» Telegram-арнасы.

Евгений Кулагиннің өгей қызы өзін үй жұмыстарына мәжбүрлегені үшін биологиялық әкесінің кеңесімен жалған айып тағуға мәжбүр болғанын мойындаған. Бастапқыда жүргізілген сараптамалар зорлық белгілерін растаған жоқ. Алайда полицияның талабымен қосымша сараптамалар жүргізіліп, бұл жолы зорлық белгілері анықталды деген қорытынды жасалған, - деп жазылған материалда.

Сотталған азаматтың зайыбы Юлия айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын айтты.Іс материалдарына қосылған киімдер біздің қызымыздікі емес. Ондай киім бізде мүлде болмаған, – дейді ол.

Евгений Кулагиннің адвокаты Илья Махлов қыздың алғашқы күні-ақ айыптаулардан бас тартқанын мәлімдеді. Сонымен қатар адвокат тергеу барысында заң бұзушылықтар болғанын айтты.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Евгений Кулагинді 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды