12 шілдеден бастап бетті тұмшалап тұратын киім киюге тыйым салынады

Қазақстанда 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңнамаға өзгерістер күшіне енді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Полиция мәліметінше, бұл адамның бетін толық жауып, оның кім екенін анықтауға кедергі келтіретін киімдерге, маска мен никабқа қатысты.

Ал хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты діни киімдерді киюге рұқсат. 

Сондай-ақ тыйым ауа райына байланысты немесе медициналық көрсеткіштер бойынша пайдаланылатын киімдерге, Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау кезінде, қызметтік міндеттерді атқару барысында, азаматтық қорғау шараларында, спорттық немесе мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде киілетін киімдерге жүрмейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?