Алматыда автобус өртенді

Алматыда Алтынсарин даңғылында №95 бағыттағы автобус өртенді.

ТЖД

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай бүгін, 15 ақпан түскі сағат 12: 38 шамасында болған.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін № 95 бағыттағы автобустың жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген. Салонда жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады