Алматыда жолаушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам опат болды

Кеше, 27 қаңтарда сағат 09:00-де Алматының Алатау ауданында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: pixabay

Алматы, NEGE.Полицейлердің хабарлауынша, Chevrolet көлігінің 2003 жылы туған жүргізушісі Емцов көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Рысқұлова даңғылының солтүстігінде ол рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Автобустағы төрт жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді",- дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін