Шарбақты ауданында мектептер жөнделуде

Шарбақты ауданының Сосновка ауылдық округіне қарасты бірқатар елді мекендегі мектептерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.  

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар, NEGE. Таяуда аудан әкімі Сержан Иманқұловтың жергілікті тұрғындармен болған кездесуінде кейбір ауылдағы білім ордаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі сөз болған.

– Қазіргі таңда көпшілікті толғандырған бұл мәселе біртіндеп оң шешімін табуда. Атап айтар болсақ, Заборовка негізгі мектебінің шатыры жөнделіп, аумағын абаттандыру ісі жалғасуда. Сондай-ақ, Сосновка орта мектебінің жылу жүйесі мен терезелері, ал Красиловка орта мектебінің есік-терезелері жөнделіп, жаңартылуда, – дейді аудан әкімдігінде.

Аудандағы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жобаларды іске асыруға «Рубиком» ЖШС де қолұшын беруде. Мәселен, аталмыш серіктестік Сосновка орта мектебіне асфальт салып береді деп жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды