Жекпе-жек алдында талып қалған Жәнібек Әлімханұлы ауруханадан шықты

Ол салмақ қуам деп есінен танып қалған еді, деп жазады inbusiness.kz.

Ашық дерек көздерінен

Астана, NEGE. "Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын! Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!", – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол жоспар бойынша ертең Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичпен жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ кездесу Жәнібектің денсаулық жағдайына байланысты өтпейтін болды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр