Алматыда автобус ішінде жүргізуші әйелді ұрған жолаушының соты кейінге шегерілді

Алматыда № 47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішінде жүргізуші әйелді ұрған А.есімді жолаушының соты 26 наурызға шегерілді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Өткен жылы желтоқсан айында Алматыда № 47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан әйел есінен танып, көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қаққан.

Апат салдарынан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болды.

Қаза тапқан үш адамның екеуі ерлі-зайыпты ұстаздар болған. Олардың артында 4 баласы қалды.

Автобус жүргізушісі ұсталып, оған қатысты ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) және ҚР ҚК 351-бабы (екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті