Сенаттың тұңғыш төрағасы Өмірбек Байгелді қайтыс болды

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді қайтыс болды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Сенат

Алматы, NEGE. Өмірбек Байгелді 1996-1999 жылдар аралығында парламенттің жоғарғы палатасын басқарған.

Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.

1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

«Ол бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдардың депутаты болды. Сенатта 16 жылдан астам қызмет етті», - делінген хабарламада.

Қоштасу рәсімі туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды