Назым Қызайбай Олимпиадаға іріктеу турнирінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында басталған Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Назым Қызайбай бірінші кезеңнен сүрінбей өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

olympic.kz

Алматы, NEGE.  Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түскен Назым бірінші айналымда словакиялық Николь Дуриковадан басым түсті. Қызайбай кездесу барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Содан соң, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңіс Назым Қызайбайға берілді.

Айта кетелік, Бангкокте бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестірілуде.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты