Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

Алматыда екі жолаушылар автобусы соғылып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 10 наурыз күні сағат 09:00 шамасында Алатау ауданында болды.

«Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, №75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған қоғамдық көлікті соққан. Сол сәтте автобустан жолаушылар түсіп жатқан»,- деп хабарлады полициядан.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.

Аталған факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған