Павлодарда ұлттық құндылықтар фестивалі өтті

Әр аудан мен қаланың тұрғындары шығармашылық нөмірлер дайындап, киіз үйлерді құрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

pavlodarnews.kz

Астана, NEGE. Облыс орталығында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» деген шара өткізілді. Оған өңірдің аудан мен қаланың бастамашыл тұрғындары қатысып, қолөнер шеберлігін көрсетіп, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртты.

Мысалға, Павлодар ауданынан сүт өнімдері мен ұлттық тағамдар әкелінді.

– Тіл үйіретін бауырсақтардың түр-түрі болған дастарханды жайдық. Біздің әжелер қымыз, наурыз көже мен құрттың қалай дайындалатынын айтып берді,– деді Павлодар аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Өміргүл Нұхтар.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, шара арқылы жас ұрпаққа елдің ұлттық дәстүрлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті оятуға тырысты.

Қазір оқып жатыр

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты