24 Сәуір 09:18

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Ақорда
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бұл қызметті атқарып келген Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.