5 Мамыр 19:44

Түркияда жаңбыр соңы селге ұласты

Түркияда жаңбыр соңы селге ұласты
Фото: 24.kz

Түркияның Шырнак және Силопи провинцияларында толассыз жауған жауын соңы селге ұласты, деп хабарлайды «Хабар24».

Алматы, NEGE. Салдарынан жүздеген тұрғын үй мен дүкендердің іші суға толып, тұрғындарды әбігерге салды. Көшелерді лай су басып, көлік қозғалысы тоқтады. Синоптиктер елдің оңтүстік-шығыс және Қара теңіз бен ішкі Анадолы өңіріндегі 18 провинцияда қауіптіліктің сары деңгейін жариялап, тұрғындарды сыртқа шықпауға шақырды.