3 Мамыр 15:28

Жолдың сапасын анықтауға қоғамдық бақылаушылар көмектесетін болады

Жолшылар
Фото: ғаламтордан

​Жолшылар ашық және айқын жұмыс істейді. Мұны сөзбен емес, іс жүзінде көрсету үшін олар өздерінің барлық өндірістік жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдық бақылаушылармен бірге жүргізуге дайын.

Алматы, NEGE.  Жол активтері сапасының ұлттық орталығы басшылығы осындай ниетпен «Әділдік жолы» өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Қоғамдық ұйымның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою. 

​Семинар аясында ҚР КМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мен «Әділдік жолы» РҚБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжаттың тармақтарында жол-құрылыс материалдары сынамаларын іріктеу, жол сапасына сараптама және диагностика жүргізу кезінде қадағалаушы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдық бақылаушылардың қатысуы көзделген.

Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі, кәсіпорындағы мүдделер қақтығысын шешу мәселелерін талқылады.

​Жол активтері сапасының ұлттық орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қазіргі уақытта зертханалық сынақтар жүргізу кезінде процестерді цифрландыруға көшу бойынша жұмыс жүргізілуде деп айтты шақырылған тарапқа ЖАСҰО Бас директорының орынбасары Арман Қайырбеков: «Жол-құрылыс материалдары сынамаларына QR кодтау әдісін қолдану әдісі енгізілуде. Бұл жерде нысан немесе мердігердің атауы және материалдардың қай жерден алынғаны туралы ақпарат көрсетілмейді. 

Кәсіпорында жол-құрылыс материалдары сынақтарын жүргізу процестерін және сынақ жабдықтарынан деректерді автоматты түрде KazRoadLab бірыңғай базасына беруге мүмкіндік беретін автоматтандыру жүйесі енгізілді. Бұл жерде зертханашы мәліметтерді қолмен жазып отырмайды. Ведомстволық сараптама порталы жұмыс процесін жеңілдетеді және жол жобаларындағы техникалық кемшіліктер мен тәуекелдерді жедел және сенімді анықтауға мүмкіндік береді. Осы әзірлемелердің барлығы адами факторды жоққа шығарады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Сондай-ақ, жақын арада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім нысандарда тұрақты бейнебақылауды қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» ISO 37001:2016 халықаралық стандарты бойынша қайта сертификаттаудан өтті. 70 қызметкер «ISO 37001:2016 бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу» сертификаттарын алды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде кәсіпорын күнделікті қызметте негізге алынатын мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттарды әзірледі: комплаенс саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы туралы, парасаттылықты тексеру туралы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және басқару жөніндегі ережелер, Іскерлік әдеп кодексі. Жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі, оларды жою бойынша шаралар қолданылады. Ай сайын қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. ЖАСҰО-да сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау жүйесі бар.

«Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов жолдың сапасын жақсарту үшін олардың ұйымы не істеп жатқанын айтты. «Біз арнайы сайт құрдық және азаматтардың өтініштері үшін колл орталығын іске қостық. 8 ай ішінде жолдарға қатысты 2000-ға жуық шағым келіп түсті. Барлық осы өтініштер бойынша біз шығуды жүзеге асырамыз. Нәтижесінде мердігерлер көбінесе жолды қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастайды. Себебі қоғамдық бақылау болған кезде мердігердің көзқарасы мүлдем басқаша. Сондықтан Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлескен жұмыстарымыз жолдарымыздың сапасын жақсарту үшін тек оң нәтиже беретініне сенімдіміз», – деді. 
    Мекеменің Алматы қалалық филиалының ұжымы жиынға онлайн қатысты. Филиал директоры Мәулен Тоқтарбайұлы ұйым қызметкерлеріне жемқорлық тәуекелдердің алдын алу шаралары жиі айтылатынын, әділдіктің алдыңғы орында тұратынын жеткізді.