7 Мамыр 16:20

Жайнақ ауылында «Sagadat Batyr» спорт клубының жаттығу залы ашылды

Клуб
Фото: Nege

Бүгін, 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, Алматы облысының Жайнақ ауылында «Sagadat Batyr» спорт клубының жаңа жаттығу залы ашылды.

Алматы, NEGE. Өскелең ұрпақтың бойына әскери-патриоттық тәрбиені дарытып, отансүйгіштікке баулып, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын жаттығу залы Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орайластырылған игі бастамалардың бірі.

Клуб
Nege

Шара аясында «Алатау жастары» бірлестігінің төрағасы, «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы, Джиу-джитсудан қара белбеу иегері Нұрсұлтан Орынбасаров ауыл жастарына шеберлік сағат өткізді. Сонымен қатар, қоян-қолтық ұрыстан әлемнің үш дүркін чемпионы Сора Рахмонова өз тәжірибесімен бөлісті.

Клуб
Nege

Жалпы аталған спорт клубтың тарихы осыдан 9 жыл бұрын бастау алған, осы уақыт аралғында бірнеше филиал ашылып, мыңға жуық жасөспірім джиу-джитсу, грэпплинг спортының қыр-сырын меңгеріп, әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері атанып, еліміздің мерейін асырып жүр.

Клуб
Nege

Ұйымдастырушылардың сөзінше, әлеуметтік маңызы бар жоба алдағы уақытта өз жалғасын тауып, облыстың басқа ауылдарында іске қосылатын болады.