25 Ақпан 16:20

Бір миллиардтан астам адамға тырысқақ жұғу қаупі төнді

Фото:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, әлемде бір миллиардтан аса адамға тырысқақ ауруын жұқтыру қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Хабар-24. 

Алматы, NEGE. Қазіргі кезде бұл індет 22 мемлекетке тарап кетті. Осы тізімде Сирия, Африка, Орталық Америка және Оңтүстік Азия елдері бар. Соңғы 10 жылда бұл кеселден өілім-жітім көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетті. Жалпы тырысқақтың тарауына кедейлік, қарулы жанжалдар мен табиғи апттар себеп болып тұр. Вакциналар тапшылығы да кері әсерін тигізіп отыр. Жыл сайын әлемде бұл дертті 3 миллиондай адам жұқтырып, 95 мыңы қайтыс болады.

Тегтер: