10 Мамыр 17:09

Үкімет шегіртке зиянкестерімен күресуге 8,1 млрд теңге бөлді

Шегіртке
Фото: ғаламтордан

Үкімет шегіртке зиянкестерімен күресуге 8,1 млрд теңге бөлді, деп хабарлады Үкімет.

Алматы, NEGE. «Фитосанитариялық жағдайға ерекше назар аударған жөн. Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы 2024 жылға келіп тұр. Бұл мәселеге қатаң жауапкершілікпен қарау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыруды және өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырамын. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша барлық мәселелер жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс», — Олжас Бектенов.