23 Сәуір 18:35

Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы авиациялық ынтымақтастыққа қатысты құжатқа қол қойды

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы авиациялық ынтымақтастыққа қатысты құжатқа қол қойды, деп хабарлады Ақорда. 

Астана, NEGE. "Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.