11 Наурыз 17:02

Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты

Ақорда
Фото: Ақорда

Президент өз сөзінде қонақжайлық көрсеткені үшін әзербайжан тарапына ризашылығын білдірді.

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Гейдар оғлын Әзербайжан Республикасының Президенті сайлауында айқын жеңіске жетуімен тағы да құттықтады. Президенттің айтуынша, дауыс беру қорытындысы Әзербайжан көшбасшысының стратегиялық бағдары жалпыхалықтың қолдауына ие болғанын және оған жұртшылықтың сенімі жоғары екенін анық көрсетті.

– Сізді әзербайжан халқының жалпыға бірдей танылған көшбасшысы деп білеміз және халықаралық аренада да осындай тұлға ретінде қабылдайды. Сонымен қатар Әзербайжанның өз егемендігін қалпына келтіру ісінде тарихи жеңіске жеткеніне шын жүректен қуаныштымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.