8 Мамыр 00:45

Теміртау маңында жол апатынан екі бала мерт болды

Жол апаты
Фото: egemen.kz

  Теміртау қаласына жақын жерде екі көлік соқтығысты. Салдарынан екі бала қаза тауып, 10 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады kazinform.

Алматы, NEGE. Оқиға сағат 17:56-да болған. Алматы-Екатеринбург тас жолында, Теміртау қаласына жақын жерде Toyota Camry және Chevrolet Nexia маркалы екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.

«Апат салдарынан Chevrolet Nexia көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, екі көліктегі он жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қаза тапқандардың екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтауға және белгіленген жылдамдықты бұзбауға шақырады.