2 Мамыр 11:26

Сотталушыда жүрек жоқ – Прокурор Бишімбаевқа мінездеме берді

Айжан Аймағанова
Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөз басталды.

Алматы, NEGE. Жарыссөзде алғашқылардың бірі болып сөз алған прокурор Айжан Аймағанова сотталушы Қуандық Бишімбаевқа мінездеме берді.

«Мен ақылы жетерлік, санасы бар, түр-әлпеті келіскен, алайда жүрегі жоқ адамға қатысты жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмын. Ол кінәсін сезініп те тұрған жоқ. Керісінше, марқұмға күйе жағып, қаралап келді», – деді мемлекеттік айыптаушы.