2 Мамыр 10:50

Сот Байжановқа қатысты қылмыс туралы хабарламады деген айыпты алып тастады

Бақытжан Байжанов
Фото: Жоғарғы сот

Өткен сот отырысында прокурорлар Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыс туралы хабарламады деген айыпты алып тастауды сұраған болатын.

Алматы, NEGE. Судья Айжан Құлбаева прокурордың өтінішін қанағаттандырды.

Сотталушы Бақытжан Байжанов тек «Қылмысты жасыру» бабы бойынша сотталады.