28 Наурыз 19:25

Си Цзиньпин шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды.

Алматы, NEGE. «Боао форумына қатысқаныма қуаныштымын. Бұл өте маңызды әрі қолдауға лайықты шара деп санаймын. Сондықтан мен арнайы келіп, форумда сөз сөйлеуге шешім қабылдадым. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Төраға Си Цзиньпинге жылы лебізімді жолдағым келеді. Оның шілде айының басында Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын асыға күтеміз», - деді президент.