10 Мамыр 15:41

Самара-Шымкент тас жолында болған жол апатынан мәслихат депутаты қаза тапты

Ақтөбе облыстық ПД
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД.

Алматы, NEGE. Оқиға 9 мамырда Ырғыз ауылының маңында болған. Самара-Шымкент тас жолында келе жатқан ВАЗ көлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысқан. 

Жантүршігерлік жол апатынан Ырғыз аудандық мәслихатының депутаты Өтеген Әмір Нұрболатұлы мен ерлі-зайыпты мұғалімдер қайтыс болды. 

«Самара-Шымкент тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында 45 жастағы ерлі-зайыптылар, сондай-ақ аудандық мәслихаттың 28 жастағы депутаты бар», - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.