15 Сәуір 18:32

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері Жамбыл ауданындағы 61 елдімекенде күнделікті сенбілік өтіп жатыр

Таза Қазақстан
Фото: gov.kz

Бүгін ауданның рухани орталығы болып саналатын, Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаевтың музейінде 500- ден астам адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті.

Алматы, NEGE. Өткен аптада «Таза өлке» акциясы бойынша желілік кестемен өткен сенбілік енді «КИЕЛІ МЕКЕН» акциясымен жалғасты.

Жамбыл ауылында өткен сенбілікке ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, өнер саласының қызметкерлері, ардагерлер, жастар, еріктілер, депутаттар қатысты.

Таза Қазақстан
Фото: gov.kz

«Киелі мекен» акциясы аясында Жамбыл ауданында орналасқан 51 ескерткішті тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізлетін болады.

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік «Таңбалы» музейінде де өтіп жатыр.

Таза Қазақстан
Фото: gov.kz

Тазалық – денсаулық кепілі, ол үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға аудан халқы белсенді қатысуда.

Бұл экологиялық акция тұрақты жалғаса береді.